Спорт

Үстел теннисінен кәсіби клуб құрылды

Шығыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет үстел теннисі бойынша кәсіби клуб құрылды. Бұл туралы облыстық үстел теннисі федерациясының президенті Жақсылық Омар хабарлады.  

– Altay Professional Table Tennis Club құрылғанын қуанышпен хабарлап отырмын. Біздің аймақта бұл спорт түріне республикалық және әлемдік деңгейде қатысуға жеткілікті инфрақұрылым да, жаттықтырушылық әлеует те, спорттық дәстүр де бар, – деді Жақсылық Омар.

Федерация президентінің айтуынша, кәсіби клуб құру – жаңа деңгейге шығудың алғашқы қадамы. Клуб мүшелеріне кеше салтанатты түрде команданың формасы табысталды.

– Алда әлі талай жұмыс күтіп тұр, көптеген жарыстар мен жеңістердің болатынына кәміл сенемін, – деді федерация президенті.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button