Спорт

Үш спорт кешені жыл соңында ашылады

Азамат Темірбеков

Ұландықтардың отыз пайыздан астамы спортпен шұғылданады. Бұл туралы аудан әкімі Ренат Құрмамбаев хабарлады.

Аудан басшысының айтуынша, мұнда бұқаралық спортты дамытуға және халықты спортқа тартуға арналған үш стадион, төрт спорттық кешен, 12 хоккей қорабы, 129 алаңқай мен 37 спорт залы жұмыс істеп тұрған көрінеді.

– Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың он түрінен секциялар жұмыс істейді. Оның жетеуі  бокс, еркін күрес, дзюдо, волейбол, футбол, шайбалы хоккей, кёрлинг сияқты спорттың олимпиадалық түрлеріне машықтаса, біреуі армрестлинг, ал екеуі тоғызқұмалақ және қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрлерінен ашылған. Қазіргі уақытта олимпиадалық спорт түрлеріне машықтайтын секциялардағы жаттығушылар саны 2714 адам  болса, армрестлингке 50, ұлттық спорт түрлеріне  82 адам қатысады. Жыл басынан бері 21 спорттық іс-шара өткізіліп, қатысушылар саны 1200 спортшыға жетті, – дейді Ренат Құрмамбаев.

Сондай-ақ спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны да өсіп, жалпы білім беру мекемелеріндегі спорт секцияларының саны 143-ке жеткен. Оған қоса, аудан бойынша 21 жаттықтырушы қызмет атқарады.

Бүгінгі күні аудан аумағында ауыл-аймақтағы спортты дамытуға бағытталған түрлі шаралар қарқынды жүзеге асырылуда. Олардың бірі – елді мекендердегі спорт нысандарының санын арттыру.  Атап айтсақ, биыл Бозанбай, Таврия, Айыртау ауылдарында спорт кешендерінің құрылыстары қолға алынып, жыл соңына қарай оларды қолданысқа беру көзделген.

Жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде денешынықтыру және спортпен шұғылдану бағытында тұрғындарды қамту 7519 адамға жетті. Бұл – аудан тұрғындарының жалпы санының 34,6 пайызы.

Осы айдарда

Back to top button