Жаңалықтар

Үш облыстың әскерилері самбодан сайысқа түсті

Сайысқа Семей, Павлодар, Курчатов қалаларынан келген 70-ке жуық әскери бөлімдердің спортшылары қатысты.

Өскеменде жауынгерлік самбо және спорттық самбодан Ұлттық ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұл чемпионаттың аймақтық мәртебесі жоғары. Жарысқа қатысушы жауынгер спортшылар “Динамо” дене шынықтыру спорттық қоғамы кешенінің төрінде төселген кілемде бақ сынасуда. Олар спорттық самбодан 58, 64, 71, 79, 88, 95 келі салмақ бойынша, ал жауынгерлік самбодан 58 және 71 салмақ дәрежесінде сайысқа түсті.

– Өз ара бақ сынасқан   3477, 5518, 6699, 5511, 3514, 6679, 5512  әскери бөлімдерінің сарбаздары  жарыс қорытындысы бойынша “Шығыс” өңірлік қолбасшылық құрамасы құралып, қыркүйек айында Семейде өтетін республикалық жарысқа қатысады. Самбо әскерилердің бойында қатты мінез, табандылық пен төзімділікті қалыптастырып, жинақылыққа бейімдеп, өз мақсатына жетуге қажетті қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді, – деді ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Жалпы бұл чемпионатта офицерлер мен сержанттан бастап, қатардағы сарбаздарға дейін бақтарын сынаған екен.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Семейдегі 5511 әскери бөлімі жеңіп алса, 2 орынды Павлодардан келген 5512 әскери бөлімнің құрамасы, ал 3 орынды Өскемендегі  5518 әскери бөлімінің құрамасы иеленді.

Осы айдарда

Back to top button