Жаңалықтар

Үш қазандық қыркүйектің соңына дейін іске қосылады

Риддер қаласының жылу-электр орталығындағы алты қазандық та жөнделіп жатыр. Үш қазандық қыркүйектің соңына дейін, қалған үшеуі қазан айында дайын болады.

Қазандықтар күн суығанша біртіндеп іске қосылады, деп хабарлайды Dıdar ақпарат.

Қазір «Риддер ЖЭО» АҚ-да жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Мұны жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар қадағалап отыр. Алдағы маусымда кеншілер қаласындағы әрбір үй жылумен толық қамтылуы тиіс.

Риддер қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, жұмыс көлемінің 49 пайызы еңсерілді. Қазір 9 кәсіпорынның 400-ге жуық жұмысшы жұмыла еңбек етіп жатыр.

Бірінші қазандықтың дайындығы – 65,7 %, екіншінікі – 47,3 %, төртіншінікі – 43,6 %. Қалған үш қазандықтың дайындығы да елу пайызға жуықтайды. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.

Риддер жылу-электр орталығының жылу желілері де жөнделіп жатқанын айта кету керек. Ұзындығы екі шақырымнан астам желіні қос мердігер ұйым күрделі жөндеуден өткізеді. Бұл жұмыс аяқталуға жақын.

Осы айдарда

Back to top button