Білім

Ұранхайдағы жаңа мектеп

Көп жылдар бойы толғақты мәселеге айналып, ауыл тұрғындарын сергелдеңге салған мектеп құрылысы басталып, бұл игілікті қадам Марқа көлінің жағасындағы Ұранхай ауылының тұрғындарын шынайы қуанышқа бөлеп отыр.

Ауылдағы негізгі орта мектеп апатты жағдайда болса да, балалар ұзақ уақыт осы қауіпті ғимаратта оқып, білім алып келді. Ал жаңа мектеп салудың мезгілі баяғыда жеткенімен, оны салатын алақандай алаң табылмай, жұртты тығырыққа тіреген еді.

2019 жылға дейін ауылдың тұрған жері түгелдей Марқакөл орман шаруашылығының иелігінде болып келді. Ал жер мәселесі толықтай шешілмей, шаруашылық өз қарамағындағы жерде қандай да болмасын құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңды тұрғыда рұқсат бермей келген болатын.

Аудан әкімі Д.Қажанов жоғары инстанцияларға сан мәрте хат жолдап жүріп, ақырында жер мәселесінің оң шешілуіне қол жеткізді. Соның нәтижесінде Марқакөл орман шаруашылығына қарасты аймақтан Төсқайың ауылдық округінің Ұранхай бөлімшесіне 50 гектар жер бөліп беріліп, ауыл тұрғындары өздері мекен еткен алқапта өз беттерінше тіршілік жасауға мүмкіндік алды. Осылайша, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен Ұранхай ауылында 100 балаға арналған жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Дулат Зайсанбекұлы 2019 жылы тар жерде табан тоздырып жүрген ауыл балаларының жағдайына арнайы көңіл бөліп, олардың уақытты босқа өткізбей, спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында осы Ұранхай ауылында спорт залының салынуына түрткі болған еді. Ауылдағы жас өрендер үшін аса қажетті ғимаратты Марқакөл комхозының директоры А.Иқамбаев басқарған құрылысшылар салып шыққан болатын.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы.

Осы айдарда

Back to top button