Білім

Университететтердің Еуропалық ассоциациясына мүше болды

Университететтердің Еуропалық ассоциациясына мүше болды

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті университететтердің Еуропалық ассоциациясына мүше болды. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш ассоциацияға еліміздің 12 жоғары оқу орны енген болатын.
Университеттердің Еуропалық ассоциациясы (УЕА) әлемдегі 46 елдің шамамен 850-ге жуық мүшелерімен ынтымақтаса отырып, оларды қолдау бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Саяси диалог, конференциялар, семинарлар, жобалар мен «Университеттерді бағалау бағдарламасы» сияқты түрлі қызметтер, сондай-ақ, аспирантура мәселелерімен айналысатын тәуелсіз қызметтердің көмегін ұсынады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың мұндай беделді ұйымға кіруі негізгі білім ұйымдары мен мекемелермен халықаралық өзара байланысты жаңа сапалы деңгейге көтеруге әрі УЕА аясындағы барлық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Аталмыш ұйымның президенті, профессор Рольф Тарак болашақта ШҚМУ-мен бірге түрлі білім жобаларын қолға алатындықтарына сенім білдірді.
– Біз ұйымдастыратын Еуропадағы әртүрлі іс-шаралар мен жобаларға қатысуға шақырамын. Өз кезегінде ШҚМУ оқыту бағдарламаларына байланысты Еуропада өтетін конференцияларға, тренинг-семинарларға қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, болашақта институционалдық ынтымақтастық бойынша жұмыс жасайтын боламыз, – дейді Рольф Тарак.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button