Бәрекелді

«Umai» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды

Берікхан Тайжігіт, Үржар

Белгілі өнерпаз, үржарлық «Сонар» ансамблінің түлегі, бұл күнде «Алатау» дәстүрлі ән театрының әншісі болып  қызмет етіп жүрген Диас Мұратхан «Umai» ұлттық сыйлығын иеленді.

Бұл қуанышты жаңалықты Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Аңдасова Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында бөлісіп, жерлесімізді зор жеңісімен құттықтады.

Онда: «Мәдениет және спорт министрлігі шығармашылық ұжымдар, солистер мен отандық мәдениет қайраткерлерінің жетістіктерін одан әрі дамыту және дәріптеу мақсатында тағайындаған Қазақстан Республикасының өнер саласындағы «Umai» ұлттық сыйлығының «Музыкалық-орындаушылық өнер» бағыты бойынша жерлесіміз, «Үздік дәстүрлі ән орындаушысы» номинациясын «Алатау» дәстүрлі ән театрының әншісі, «Сонар» ансамблінің түлегі Диас Мұратхан жеңіп алды.

Диасты шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық шалқар шабыт, асқақ абырой тілейміз! Халықтың құрметіне, көрерменнің махаббатына бөлене бер!», деп жазылған.

Осы айдарда

Back to top button