Спорт

Ұлттық күрестен әлем біріншілігі аяқталды

Абай облысының Ақсуат ауылында ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті. Ырғызбай Досханаұлын еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлемдік гран-при ең ауқымды оқиға болды.

Біріншілікті «Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы» халықаралық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, ал бас демеуші «Казцинк» болды.

Коронавирус бойынша шектеулерге байланысты үзілістен кейін үш жыл ішінде алғаш рет кілемге 15 елдің – Эстония, Польша, Үндістан, Гүржістан, Филиппин, Моңғолия, Қырғызстан, Молдова, Иранның 40-қа жуық өкілі шықты. Төрешілер алқасын Нидерландтан келген сарапшы, халықаралық санаттағы судья басқарды.

Спортшылар үздік атағы үшін үш салмақ категориясында шайқасты: 70, 90 және 90 + килограмм. Әр топта алтын, күміс және екі қола медаль ойнатылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандықтар үш марапатқа ие болды – бір алтын және екі қола. 70 келі салмақ дәрежесінде Рауан Алтынбек үшінші орынға ие болды. 90 келі салмақта Әсет Ахметжанов алтын алса, 90+ келі салмақта Мақсат Исағабылов қола жүлдені қанжығасына байлады.

– Сегізінші рет біз әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты балуандарды жинап жатырмыз, – деді «Қазақ күресі» федерациясының вице-президенті Бәделхан Камалханұлы. – Жыл сайын «Казцинктің» арқасында біз әлемдік спорттық өмірде есте қаларлықтай үлкен оқиға ұйымдастыра аламыз. Біріншілік барлық халықаралық талаптарға жауап береді және соңғы жылдары біздің ұлттық күресіміз жоғары мәртебеге ие болып, Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button