ТОП

Ұландағы айтысқа Алтынбек Қоразбаев келді

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде республикалық ақындар айтысы басталды. Жыр додасы Кеңес одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың жүз жылдығына орай ұйымдастырылуда. Айтыстың ашылуына аудан әкімі қатысып, ақындарға сәттілік тіледі.

– Абай жылы аясында, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Төлеген Тоқтаров батыр бабамыздың жүз жылдық тойына орай өтіп жатқан айтысқа қатысып жатқан ақындарға сәттілік тілеймін. Айтыс қазақтың төл өнері. Сондықтан да маңызы жоғары, мазмұны бай өнер. Ұлан ауданы ұлылар туған ұлы аудан. Біз батырларымызбен мақтанамыз, – деді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбект Сақтағанов.

Жыр додасына жиыны 12 ақын қатысып жатыр. Қазылар алқасының төрағасы халық әртісі Алтынбек Қоразбаев өз лебізін білдіріп, жыр жүйіріктері мен жиналған жұртқа Жүрсін Ерманның сәлемін жеткізді.

– Осы айтысқа арнайы Алматыдан келдім. Жыр сайысына Жүрсін Ерманның дұғай сәлемін ала келдім. Ол кісі денсаулығына байланысты келе алмады. Соңғы екі-үш айдың көлемінде 6-7 айтысқа куә болдық. Індетке қарамастан айтыс көшін тоқтатқан жоқ. Бүгінгі айтыс батырдың батыры Төлеген Тоқтаровтың жүз жылдығына арналған екен. Ақындарға сәттілік, – деді әнші Алтынбек Қоразбаев.

Республикалық жыр додасы туралы толығырақ “DIDAR” газетінен оқисыздар

Қызырбек Дүргінбайұлы

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button