Білім

Үшінші тоқсанда Алтайдың 28 мектебі штаттық режимде жұмыс істейді

Алтай ауданындағы орта білім беретін 40 мектептің 28-нің биылғы оқу жылының үшінші тоқсанында штаттық режимде жұмыс істейтіні белгілі болды.

«Инстаграмм» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде ақпарат берген аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақытгүл Қанафина Алтай, Серебрянск қалалары мен Зубовка, Октябрь және Жаңа Бұқтырма кенттеріндегі мектептерде ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан тұратын кезекші сыныптар құрылады. Сонымен қатар, аталған елді мекендердегі мектептерде 9, 11 сыныптардың түлектеріне арналған оқыту ұйымдастырылады.

9, 11 сынып оқушылары пәндерді аралас тәртіпте, яғни 70 пән штаттық режимде оқытылса, 30 пән арақашықтықтан оқытылады, Мұндай форматта бір сыныпта 15-тен артық оқушы болмайды, сондай-ақ, әлеуметтік арақашықтық сақталып, мектеп ішінде оқушылар сыныптан-сыныпқа көшірілмейді, әр сыныпқа үзіліс уақыты бөлек белгіленіп, сабақтың басталатын және аяқталатын уақыты нақтыланады, – деді Бақытгүл Қанафина.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, оқу жоспарына сәйкес математика, химия, биология, орыс және қазақ тілі сияқты емтихан тапсырылатын пәндер штаттық режимде оқытылмақ. Ал денешынықтыру, еңбек және тағы басқа вариативті кешендегі пәндер арақашықтықтан оқытылады. Бұдан бөлек үшінші тоқсанда мектеп оқушыларын тамақтандыру қайтадан қолға алынбақ. Ол үшін қазіргі уақытта қажетті конкурстық процедуралар ұйымдастырылуда.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button