Қауіпсіздік

Тыйым салынған жерде шомылған балалардың ата-анасы жауапқа тартылады

Алтай ауданының ТЖБ және полиция қызметкерлері су айдындарында жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін демалыс орындары бойынша профилактикалық рейдтер жүргізе бастады.

Осындай рейдтердің бірінде тыйым салынған учаскелерде суға шомылған балалар анықталды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Шомылуға қауіпті аймақты тексеру барысында кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы анықтадық. Ата-аналары оларды әжелеріне жіберген екен. Олардың тарапынан бақылау болмаған соң балалар жолай суға бұрылып кеткен. Бұл жер шомылуға тыйым салынған аймақ болғандықтан ешкім келе бермейді. Оқыс оқиға болса, біз оларды қайдан іздеу керектігін де білмей қалар едік, -дейді Алтай ауданы ТЖБ Азаматтық қорғау саласындағы бас маманы Алевтина Мамаева.

Суға шомылған балалардың жеке деректері жазылып, Әкімшілік кодекстің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады. Балалар кәмелетке толмағандықтан, ата-аналар жауапкершілікке тартылады.

Ынтымақ Толқын

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button