Сайлау-2023

Түске дейін сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс беріп үлгерді

Зайсан ауданында сайлау науқаны қарқынды өтіп жатыр. Жергілікті тұрғындар саяси додаға белсенді қатысып, қалаған үміткеріне дауыс беруде. Ал ауданның барлық сайлау учаскесінде сайлаушылардың кедергісіз дауыс беруіне барынша жағдай жасалған.

– Түскі саған 13.00-ге дейін аудандағы барлық сайлаушының 58%-ы келіп өз таңдауын жасап кетті. Түстен кейін адамдардың қарасы азаятыны түсінікті. Дегенмен кешке сағат 20.00-ге дейін тағы біраз сайлаушы бюллетенін алып, таңдау жасап үлгереді деп ойлаймын, – дейді Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Сиырбаев.

Еркебұлан Зағыпаров

Зайсан ауданы

Осы айдарда

Back to top button