Білім

Түркиядан олжалы оралды

Өскемендегі Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің оқушылары Түркияда өткен халықаралық пәндер олимпиадасына қатысып, сапалы білімдерімен көзге түсіп қайтты.

Түркияның Анталия қаласында өткен XIV Халықаралық пәндер олимпиадасына барған Өскемен қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің  оқушылары математика, ағылшын тілі, орыс тілі, физика пәндерінен жүлделі орындарға ие болды.

Олар командалық көрсеткіш бойынша математика пәні мен ағылшын тілі пәнінен жоғары нәтижеге қол жеткізген. Команданың ең кішкентай мүшесі Әнел Рахметханова  екі пәннен де жүлделі III орынға ие болса, “Халықтар достастығы” фестиваліне қатысқан оқушылар сертификатқа ие болған. 10-сынып оқушысы Камилла Қадрманап “Мисс Олимпиада-2022” атанған.

Оқушыларды олимпиадаға дайындап, жетекшілік жасаған  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақторғын Маханованың еңбегі де өлшеусіз.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button