Қоғам

Туризммен айналысатындарғагрант беріледі

Ержан Әбіш

Күршім ауданының Марқакөл ауылына іссапармен барып, тұрғындармен Президент Жолдауын талқылаған аймақ басшысы Даниал Ахметов туристік бизнеспен айналысқысы келетін тұрғындарға грант берілетінін айтты.

– Шекаралық аумақтарды дамыту бағдарламасына енетін Марқакөлге ерекше көңіл бөлінуде. Аудан әкімі тұрғындармен бірге кезең-кезеңмен шешілетін басым міндеттердің жоспарын құруы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Жақын маңдағы Ұранқай ауылында мектеп құрылысы аяқталуда, екінші тоқсаннан бастап оқушылар осында көшеді. Ал қарашаның соңына қарай Марқакөл ауылында заманауи жабдықтары бар денешынықтыру-спорт кешені пайдалануға берілмек.

Жергілікті аурухана медициналық техникамен жабдықталған, жақында кадр мәселесі шешіледі. Аймақ басшысы дәрігерлерге арнап ауылда екі үй салуды тапсырды.

– Үш жылда өңірдегі жолдарды жөндеуге 305 миллион теңге бөлдік, бұл жұмыс жалғасады. Ауыл тұрғындарының көбі туризмді дамытып, қонақ үйлер салуда. Осындай бизнесті ашамын деушілерді грантпен қамтуға дайынбыз. Жалпы, шекаралық аумақтарды дамыту бағдарламасы адамдарды ауылдарда тұрақтандырып, жұмыс орындарын құруға бағытталған, – деді облыс әкімі.

Өткенде Марқакөл ауылына жақын жерде ірі өрт болғаны белгілі. Қуантарлығы, барлық қызметтер мен тұрғындардың ұйымшылдығы арқасында оттың таралуы тоқтатылып отыр.

Осы айдарда

Back to top button