Қоғамдық тәртіп
Түлектер кеші қатаң бақыланады – ШҚО
ШҚО-да екі мыңнан астам түлек үшін мектеп бітіру кеші ұйымдастырылады.
Осыған орай облыста 300 полиция мен ЖБО камералары құқықтық тәртіпті бақылайды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Тек 20 маусымда облыста 100 мектеп бітіру кеші өтті, оның барысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Шығыс Қазақстан Полиция департаменті ұстаздарға, ата-аналарға және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдеріне қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету полицияның тұрақты бақылауында, – делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Ынтымақ Толқын