Мәдениет
Төртінші сынып оқушысы ән кешін өткізді
Жақында мектебіміздің мақтанышы Әлия Ахметқызы өзінің ән кешін өткізді.
Қалалық, облыстық сайыстарда биік белестерді бағындырып үлгерген Әлия қазір 4 сыныпта оқиды. Балауса әнші орындаған «Шақырады көктем», «Наурыз», сондай-ақ, ешқандай сүйемелдеусіз, жанды дауыспен айтқан «Әлия» әні көрерменнің ешқайсысын бейжай қалдырмады. Әнші қыздың анасы Нұрбақыт Уақит: «Бұл – менің өмірімдегі ең тамаша сыйлығым» деп қызына аналық алғысын білдірсе, мектеп директоры Есімхан Әкітбаев ақ батасын беріп, мұғалімдер атынан Елбасының кітаптарын тарту етті.
Саягүл Бірлесбек,
№33 мектептің оқушысы
Өскемен.