Білім

Түркия мамандары арнайы курс өткізді

Семейдегі көздері нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп-интернатта Түркияның Үкіметі мен білім министрлігінің Қазақстанмен бірлескен жобасы аясында тифлопедагогика мұғалімдеріне арнап біліктіліктерін көтеру курсы өтті.

Түркия мамандары арнайы курс өткізді– Біздің 15 мұғалім жақында Анкара қаласына барып, оқып қайтты. Сол кезде түрік ағайындарға Семейге келуге өтініш білдіргенбіз. Енді міне, түрік бауырлардың осында келуімен ұжымдағы қызметкерлердің бәрі оқу мүмкіндігіне ие болды, – дейді №3 мектеп-интернаттың директоры Әкрам Қалиғожин.

Қазір мектеп-интернатта 148 бала бар. Оның 20 пайызының көздері мүлде көрмейді. Балаларды заманға сай технологиялармен оқытуға дефектолог және тифлопедагог мамандар жетіспейді екен. Енді интернаттың тәрбиеленушілері Брайль жүйесі бойынша саусақтарымен бедерді танып, қай әріп екендігін ажыратып оқуды және дәптерге жазуды үйренбек.

Оқу барысында шетелдік тифлопедагогтар әртүрлі тақырыпта дәрістер өткізіп, тәжірибелер алмасты.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button