Мәдениет

Түрік сериалдарынан түңілгендер көп

Танымал саясаткер Марсель Көшімхан мен қоғам қайраткері Қуантай Бақтыбайидов елімізде соңғы жылдары көбейіп кеткен түрік сериалдарына тосқауыл қою туралы Мәжіліске ұсыныс әзірлеуде.

Түрік сериалдарынан түңілгендер көпҚоғам қайраткерлерінің айтуынша, түрік сериалдарындағы интрига, қастандық, меланхолия және трагедия мөлшерден асып кеткен. Халқымыздың рухани жағдайына үлкен әсер етеді, келешек үшін үлкен қауіп дейді қайраткерлер. Бұл туралы өздері ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында мәлімдеме жасалды.

Қуантай БАҚТЫБАЙИДОВ:
– Түрік сериалдары туралы кең көлемде сараптама жасадық. Сериалдардағы қандай факторлар адамға қаншалықты әсер етеді және олардың пайыздық мөлшерін анықтадық. Нәтижелері мынадай:
Интрига – 21 %.
Қастандық – 17 %.
Меланхолия – 14 %.
Трагедия – 16 %.
Сериал музыкасы – 26 %.
Сценарий – 6 %.
Яғни, бұл көрсеткіш адам психологиясына әсер беру жағынан өте жоғары, мөлшерден тыс көрсеткіш. Нәтижесінде адамдар бір-біріне сенбейтін болып бара жатыр. Сенім азаюда. Бұл дегеніңіз өте маңызды фактор!

Марсель КӨШІМХАН:
– Мысалды алыстан іздемейік, менің әріптестерімнің мінез-құлықтарына, қылықтарына қараңыз. Соңғы кездері әріптестерімнің көбісінің көңіл күйлері нашар, бақытсыз, жүректері жаралы, мұңды, алданып қалған кейіпте. Жүріс-тұрысымызда баяулық байқалады, жәй сөйлейміз. Бір нүктеге ұзақ қарап қалатынды шығардық. Бұл ештеңе емес, күніне 3 түрік сериалын қарайтындардың жағдайлары өте жаман. Бір-бірінің әңгімелерін тыңдау, өткен өмірлеріндегі қара дақтарды іздеу, жоспарларын сәтсіздікке ұшырату, өсектеу, жасырын қатынастарын көпшілікке ашып қою, жоғарыдағыларға жақсы көріну үшін істелетін айлалар, құпияларды жария ету сияқты неше түрлі әрекеттер жасалуда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button