ЖаңалықтарШаһар шаруашылығы
Трамвай жолдарын жаңарту келер жылы да жалғасады
Облыс орталығындағы трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстары жалғасады.
Бұл апаттық жағдайды азайтуға және жолаушылардың жайлылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Didar ақпарат.
2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан жұмысқа өткен жылы 449 млн теңге бөлініп, 1,3 шақырым рельс ауыстырылған. Биыл бұл жұмыстарға 400 млн бөлінген. Бұган Қазақстан көшесі мен Абай даңғылындағы жолдар жөнделген. Дәл осындай жұмыстар Үлбі көпірінен С.Нұрмағамбетов көшесінің (бұрынғы Орджоникидзе көшесі) тұсындағы съездерде де қарастырылған.
-Рельстерді ауыстыру жобасы әлі күшінде, тек жөндеу жұмыстары келер жылға ауысады, – деді “Өскемен Көлік Компаниясы” ЖШС директоры Михаил Чайка.
Ынтымақ Толқын