жауап береміз

Тракторды тіркеуге қалай қоямын?

Тракторды тіркеуге қайда және қалай қоюға болады? Қарапайым көліктер сияқты тіркеуге қоя аламын ба десем, полиция органдары мұндай жұмыстармен айналыспайды екен.

 Бақытбек Еркінбекұлы

 Глубокое ауданы.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ел заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық инспекция ауыл шаруашылығы техникаларын тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу, емтихандар қабылдау және оларды басқару құқығын растайтын куәліктер берумен айналысатынын хабарлады.

Ал аталған заң талаптарына сәйкес аталмыш мемлекеттік техникалық инспекцияның мәселелерін жүзеге асыру облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіреді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуді, тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асыратыны Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында  да көрсетілген. Осыған орай, жоғарыда жазылғанды ескере отырып, техниканы есепке қою мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінуіңіз қажет.

Осы айдарда

Back to top button