Сайлау-2023

Тосынсыйға толы сайлау өтіп жатыр – ШҚО

Наурыз айының үшінші жексенбісі Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін есте қалар оқиғалар мен тосынсыйларға толы болды. Тегін жол жүру, жәрмеңке, концерт, конкурстар мен акциялар, тәтті-дәмді… Осының бәрі сайлау учаскелеріне келген дауыс берушілерге арнап ұйымдастырылды. 
Бүгінде Алтай, Зайсан, Катонқарағай және Глубокое ауданының бірнеше ауылында тұрғындар автобуспен тегін жүрді.
№199 сайлау учаскесінің жанында сауда орындары ұйымдастырылды. №169 учаскеде мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтті. Дауыс беру учаскелерінің көпшілігі сайлаушыларды ән-жырмен және түрлі акциялармен қарсы алды.
Сонымен, сайлау учаскесіне ең бірінші келген адамға, сондай-ақ болашақ сайлаушыларға сыйлықтар берілді.
Қала-аудандардағы сайлау учаскелерінде ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылып, осынау маңызды күнді есте сақтау үшін арнайы фотоаймақтар да орнатылды.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button