Білім
Түлектердің 30 пайызы шекті деңгейден аса алмады
Елімізде жаппай жүргізілген ҰБТ-ның екінші күніндегі нәтижеге жүгінсек, түлектердің 30 пайыздан астамы шекті деңгейден өте алмай қалған.
4 маусымда, яғни, тестілеудің екінші күні республика бойынша ҰБТ-ға 21794 талапкер қатысып, мұның 6895-і шекті деңгейден аса алмай қалды. Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ның бірінші күні (3 маусым) 24149 түлек білімін сынап, мұның ішінде 6 мыңнан астамы шекті деңгейден өте алмай қалған-ды.
Шығыс-Ақпарат