Түлектері түгел жұмысқа орналасты
Биыл Үлкен Нарын ауылындағы Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжінің 72 түлегі тракторшы, электргазбен дәнекерлеуші, омарташы мамандықтары бойынша білім алып шықты. Оларды аудандағы шаруашылықтарға жұмысқа орналастыру жағы да толықтай шешілді.
Алдағы оқу жылында жаңадан ашылған ветеринарлық техник, ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі мамандықтарына тоғы-зыншы сыныпты бітірген оқушылар қабылданады.
Биыл колледждің оқу-өндірістік телімінде 90 гектарға күнбағыс, 30 гектарға бидай, 20 гектарға қара бидай, 15 гектарға қарақұмық егу жұмыстарына қатысқан оқушылар алған білімдерін іс жүзінде көрсете білді.
Шаруа қожалықтарының, кәсіп-орындардың басшыларымен колледж оқушыларының тәжірибеден өтулері, оқуын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасулары үшін келісімшарттар жасалды.
Колледждің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын заманауи құралдармен жабдықтау және ауыл шаруашылық техникаларымен толықтыру үшін 35 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді.



