Теңге неге құнсызданды? Ұлттық банк басшысы жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаһандық инвесторлармен кездесуінде теңге неге құнсызданғанын түсіндірді.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі жариялаған баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Теңге бағамының соңғы екі аптадағы құнсыздануына қатысты сұраққа жауап берген Ұлттық банк төрағасы бірнеше фактордың бір мезетте қосарланғанын айтты, яғни:
- АҚШ долларының жаһандық деңгейде күшеюі (дамыған елдердің валюталар қоржынына қатысты АҚШ долларының индексі қыркүйекте 2,5%-ға өсті);
- импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы;
- базалық мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданған шешім Үкіметтің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сату туралы норманы қолдануының тоқтатуы.
Оның сөзінше аталған факторлар теңге бағамының қысқа мерзімге құнсыздануына ықпал еткен. Сонымен қатар Тимур Сүлейменов Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзінің негізгі мандатынан ауытқымайтынын айтты.
-Ұлттық Банктің негізгі міндеті – проинфляциялық қысымды жұмсарту және инфляцияны ортамерзімді мақсатқа жақын 5% деңгейінде тұрақтандыру. Барлық күш-жігер осы мақсатқа жетуге бағытталады. Алайда, теңгенің айырбас бағамы еркін өзгермелі қалпында қала береді. Сонда ғана экономика кез келген өзгерістерге тез бейімделетін болады – деді Ол.
Ынтымақ Толқын