Белгілі жәйт

Телескопты Галилей ойлап таппаған

Телескопты Галилей ойлап таппаған«Дидардың» жаңа жобасы: Белгілі жәйттің белгісіз сыры

«Дидар» газеті осындай жаңа айдар ашып отыр. Бұл айдарда бұған дейін ашылған, жұртқа белгілі түрлі жаңа-лықтардың ел білмейтін қырлары мен сырлары, құпиялары жайында баяндайтын боламыз.
Редакция.

Мектеп қабырғасынан жақсы таныс итальяндық физик, механик, астроном Галилео Галилей телескопты алғаш ойлап таппаған екен. Ол тек аталған аспаптың көмегімен жасалған ғылыми жаңалықтың нәтижесін баспасөзде бірінші болып жариялаған адам.
Тарихи шындыққа жүгінсек, телескопты бірінші рет 1608 жылы Голландияның Гаага қаласында көзәйнек шебері Иоанн Липперсгей дейтін өнертапқыш таныстырған. Алайда оның бұл туындысына патент берілмейді, өйткені, дәл осындай дүрбі Голландияда оған дейін де болыпты. Нақтырақ айтқанда, телескоп аспабының қарапайым түрі 1509 жылы әйгілі Леонардо да Винчидің сызбаларында көрініс тапқан.
Шамасы бұл оқиғаны Галилей-мен шатастырудың төркіні итальяндық астрономның 1610 жылы жарияланған «Жұлдызды хабаршы» мақаласымен байланысты болса керек. Аталған мақалада «ол телескопты аштым (ойлап таптым демейді) және тұңғыш рет аспан әлемінің құрылысын түсіндім» деп жазады.
Сонымен қатар Галилей телескоптың көмегімен ғылыми жаңа-лық ашпаған, ол тек ағылшын астрономы, математик, этнограф және аудармашы Томас Хэрриэт-тің жүргізген ғылыми тәжірибесінің нәтижесін баспасөзде жариялаған адам. Негізі адамзат бала-сының ішінде ең алғаш Айға дүрбі бағыттап, оның бетіндегі кескін-дерді түсірген осы ағылшын астрономы болған.

Әзірлеген – Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button