Қоғам

Телефон байланысының тарифтері өзгерген жоқ

Телефон байланысының тарифтері өзгерген жоқ

«Қазақтелеком» АҚ телефон байланысы қызметінің тарифін өсірген жоқ. Есесіне, 2012 жылдан бастап елімізде белгілі бір себептермен белгіленген телефония қызметінен бас тартуға мәжбүр болған аз қамтылған тұрғындар үшін арнайы тариф іске қосылғанын айту қажет.
Компания хабарлағандай, аталмыш тарифке өту үшін тараптар қайтадан шарт жасасуы керек. Бұл келісімнің талаптары бойынша абонент телефонды кем дегенде бір жыл бойы қолдануы тиіс. Бұған қоса, шартты қайта жасасу үшін абонент мойнындағы қарыздарынан құтылуға міндетті. Сонымен қатар, келісімшартта белгіленген мерзім ішінде байланыс қызметіне алдын ала төлем жасап отыру да қажет.
Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы таратқан мәліметтерге қарағанда, компанияның стратегиясы, сондай-ақ пакеттік ұсыныстар мен сервистердің алуан түрлілігі әр клиенттің өз көңілінен шығатын қызметтер мен тарифтерді таңдауына бағытталған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button