АвтонарықЖаңалықтарТОП

Техникалық байқау құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады

Елімізде «техникалық байқау» құжаты биыл цифрлы форматқа ауыстырылмақ.

Таяу арада көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі «техникалық байқау» құжатын алып жүру қажет болмайды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды. Енді «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады.

Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1-ші қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.

Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режімде тексеруге болады.

Цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сенімі артады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл көктемде VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкіметке цифрландыруды күшейтіп, бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуды тапсыраған болатын.

Осы айдарда

Back to top button