Мәдениет

«Теңге – Қазақстанның жетістігі»

«Теңге – Қазақстанның жетістігі»


Тәуелсіздік мерейтойы аясында облыстық мұражай-қорықта «Теңге – Қазақстанның жетістігі» атты көрме ашылды. Келушілер назарына мұражай қорынан және коллекционерлер жинақтарынан жәдігерлер ұсынылған. Көрмені мұражайдағы этнография бөлімінің қызметкерлері әзірлепті.

Мұнда 1993 жылдың қарашасындағы төл теңгеміздің пайда болуынан айналымда болып, тарихи мұраға айналып үлгерген алғашқы отандық купюралардан бастап қазіргі теңгелерге дейін қойылған. Олардың арасында мерейтойлық және естелік медальдар мен банкноттар да бар.

Мұнымен қоса, келушілер патшалық Ресейде және Кеңестер Одағында қандай ақшалар болғанын білу мүмкіндігіне ие. Олар 18-ғасырдың басынан төл теңгеміз шығарылғанына дейінгі кезеңді қамтиды. Ең көнесі – 1725 жылы императорлық монета сарайында шығарылған темір ақша. Жазуы крест формасында орындалған. Бірінші Екатерина заманындағы мыстан жасалған монета қазір әбден қарайып кеткен екен. Номиналы бар-жоғы 5 тиын болса да, тарихи жәдігер ретінде оның бағасы жоғары.

– Суррогат немесе эрзац-ақшалар ресми ақша жетпей жатқан өңірлерде айналымда болып, ішкі мақсатта пайдаланылған. Айталық, жұмысшының оларға өз кәсіпорнында шығарылған өнімді, не болмаса ведомстволық дүкендегі тауарды сатып алу мүмкіндігі болған. Мәселен, құс фабрикасының еңбеккері мұндай ақшаға тауық сатып ала алған, – дейді этнография бөлімінің қызметкері Роман Нечаев.

Көрме тек нумизматтар үшін ғана емес, сонымен қатар барлық әуесқұмар азаматтар үшін қызықты. Әсіресе, мұндағы экспозициялар мектеп оқушыларына танымдық жағынан пайдалы болмақ.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button