Мәдениет

Театр қызметкерлеріне «Маска» сыйлығы табысталды

Театр қызметкерлеріне «Маска» сыйлығы табысталды

Кеше Жамбыл атындағы облыстық драма театрында бүкіләлемдік театр күніне орай, театр саласында тер төгіп жүрген, еңбегі елеулі қызметкерлерді «Маска» сыйлығымен марапаттау шарасы өтті.
Қашанда халық руханиятын байытуға атсалысып жүретін өнерпаздар төл мерекесінде аянып қалған жоқ. Осымен 53 жыл қатарынан тойланып келе жатқан атаулы мерекені әсем әнмен бастап, әдемі тілектермен жалғастырды. Ақжарма тілектің басы Астанадан келді. «Құрметті театр өнерінің қызметкерлері! Бүгінгі таңда мәдениеттің дамуында өзіндік қолтаңбаларын қалыптастырып, ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Заманымыздың құнды идеяларын, асыл мұраттарын паш етіп, адамның ішкі жан дүниесін дамытуда театрдың орны ерекше екені мәлім. Сондықтан сіздерді осы айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын» – деген құттықтау-хат жолдапты Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бұдан соң құттықтау сөздің кезегін алған облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Айдын Қиқымов театрдағы қызметін беріле істеп, аталған салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған өнер иелерін түрлі аталымдар бойынша марапаттады. Марапат көргендердің арасында театр өнеріне ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқан жергілікті басылымдардың тілшілері де бар.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button