Табиғат терезесі

Тау үстіндегі «тайқазан»

Сурет автордікі

Сібе көлдерінің үш пен төртінші көлінің ортасындағы жалдың үстінде «тайқазан» бар.  Түбінде мөлдіреп су тұнып тұр.

Анықтап айта кетейік, қабат-қабат үйдей алып тастардың төбесі дөңгелене ойылып қалған. Аумағы отау үйдің орынына тең.

«Дана халқымыз «тамшы тас теседі» дегенді бекер айта ма? Бұл тасты жаңбыр тамшысы тескен болар. Оның үстіне Қалба тауының қанша мыңжылдық тарихы бар екенін ескерсек, осы жорамалға сенуге болады» деседі демалушылар.

Табиғат тамашасына таңдай қақпау мүмкін емес. Биікке ерінбей шығып, кереметті көзімен көрген адамның алған әсері мүлде бөлек. Ал оны көрмеген адам, «Жүрген соң баурайында күнде ойнап, Таулардың биіктігі байқалмайды» дегендей, бейжай қалпында қала бермек.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button