Тағзым

Тарихи әділдік қалпына келеді

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына барып, олардың ұрпақтарымен жүздесті, тарихи құнды жәдігерлер қойылған көрмемен танысты.

– Саяси қуғын-сүргін жылдары миллиондаған адамдар, тұтас халықтар қудалауға ұшырап, қаншама тағдыр тапталды. Елімізге бүкіл Кеңес Одағынан бес миллионнан астам адам жер аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия тарихи әділдікті қалпына келтіруде. Комиссия қазірдің өзінде 19 мың істі қарап, 1200-ден астам отандасымызды ақтап отыр, – деді Даниал Ахметов.

Ол тарих сабақтарын тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері үшін де өткізу үшін мұражайға барынша кең әрі қолайлы орын табуды да тапсырды.

– Біз осы қасіретті жылдарда зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы жас ұрпақ білуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – біздің халқымыздың тарихына деген құрметіміз, – деді облыс әкімі.

 Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button