Білім

Тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттау қажет

Тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттау қажет


Елімізге әйгілі Шілікті обаларынан қазба жұмыстарын жүргізу барысында «алтын адам» мен алтыннан жасалған әшекей бұйымдардың табылуы тарихымыз үшін үлкен олжа болғаны анық.

Бүкіл қазақ халқының мақтанышы болған, тарихта ойып тұрып орын алатын сақтардың бағалы асыл бұйымдары мен алтын әшекейлерін, жалпы түркі мәдениетін кеңінен насихаттау, жалпақ әлемге таныстыру алда тұрған үлкен мақттардың бірі. Осы орайда мен ұлан-байтақ жерімізде ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың тек мұражайларда шаң басып тұрғанын дұрыс деп санамаймын. Сондықтан «Шілікті өңірінен табылған тарихи-мәдени мұралардың елтанымдық сипаты» атты тақырыпта жобаны қолға алдым. Бұл жобам Шілікті өңірінен табылған құнды жәдігерлердің жасалу шеберлігі мен тайпалардың арасында қандай мақсатта қолданылуына негізделген. Егер осы жобам ауқымды түрде қолға алынатын болса халық арасында қолданысқа түсіп, тарихымызды жас буынға насихаттап, жаңғыртады деген ойдамын. Осы рухани қазынаға бай мұраларымызды ұмытпай, бүкіл дүниежүзіне таныту – заманымыздың өзекті мәселесінің бірі. Ата-бабамыздың қалдырып кеткен бай мұрасының тарихы біздің, өскелең ұрпақтың қолында. Ғылыми зерттеу жұмысымды зерттеу барысында бұрынғы заманға жататын бұйымдардың қазіргі бұйымдардан ерекшелігіне көз жеткіздім. Мен өз туған жерімнің байлығымен мақтанамын. Тек мен емес, бүкіл еліміз осы Шілікті қорғандарымен мақтанады деген ойдамын. Себебі, оның тарихта алатын орны ерекше. Мақтанып қана қоймай оны өзінен кейінгі ұрпаққа таныстырып, насихаттауға үлес қосады деген ойдамын. Сөз соңында айта кетейін, осындай тарихи маңызы жоғары, бағалы заттар бір емес бірнеше рет табылып жатқан менің киелі туған жеріме шағын болса да табылған жәдігерлерге арнап мұражай ашып берсе деген ұсынысым бар.
Жалелов Ислам,

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының
9«Б»-сынып оқушысы,
Жетекшісі – Р.Сенкибаева, жоғары санатты ұстаз

Осы айдарда

Back to top button