Сайлау-2023

Тарбағатайлықтар тағы да белсенділік танытты

Былтырғы Президент сайлауында таң сәріден оянып, сайлау учаскелеріне қарай ағылған тарбағатайлық ағайындар осы жолы да белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау Тарбағатай ауданында да жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де басталып кетті.
Күн райының қолайсыздығына қарамастан, сайлау учаскелеріне келіп жатқан тұрғындардың қарасы көп.
Сайлау процесі объективті болуы үшін учаскелерде партиялық және тәуелсіз байқаушылар да өздеріне тиісті жұмыстарын атқаруда.

Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жаннұр Ашмұханованың айтуынша, аудан бойынша бүгін 32 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады, онда 12 мың 689 сайлаушы тіркелген.

Ерлан Бапанов
Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button