Сайлау-2023

Тарбағатай ауданында әскерилер сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округінде орналасқан 31767 «И» әскери бөлімінің сарбаздары №924 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Онда қызмет ететін және Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың саяси науқанға қатысуына толықтай мүмкіндік жасалды.

“Отанға қызмет – абыройлы міндет” деп білетін әскерилер ел бүтіндігі үшін сайлауға қатысудың мәнін ерекше ұғынып, біркісідей атсалысты.

Ерлан Бапанов
Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button