Оқиғалар
Тарбағатайда аусылдың белгілері анықталды
Үржарлық тұрғындардың үрейін ұшырған аусыл ауруы енді Тарбағатай ауданындағы Ахметбұлақ ауылының жұртын алаңдатып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сенсек, аталған елді мекендегі мүйізді ірі қаралардан аусылға ұқсас клиникалық белгілер анықталған.
Диагнозын анықтау үшін патологиялық материал «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК-ның облыстық филиалына жіберілген.
Бүгінгі күні аусылдың клиникалық белгілері 40 бас мүйізді ірі қарада байқалған. Осыған орай Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің атына бұл аумақта карантин жариялау жөнінде ұсыныс жіберілген. Айта кетелік, Ахметбұлақ елді мекені Қытаймен шекараның дәл түбінде орналасқан.
Шығыс-Ақпарат