Мәдениет

«Тарбағатай жұлдыздары» халықты тамсандырды

«Тарбағатай жұлдыздары» халықты тамсандырды


«Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық эстрадалық ән фестивалі осымен бесінші рет өтті. Ұлттық құндылықты дәріптеп, шет елдерде тұратын қандастармен мәдени қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған фестивальға биыл 50 шақты өнерпаз қатысты.

Фестивальға еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі жастар ғана емес, Қытай, Ресей, Моңғолия және Қырғыз елдерінен келген таланттар да қатысты. Әрине, барлығының көздеген мақсаты біреу – ол осынау халықаралық байқауда оза шауып, топ жару. Сайысқа қатысқандардың арасында қазаққа келін болған орыс қызы Екатерина да бар. Ол – Шемонайха аудандық мәдениет үйінің әншісі. Өзінің айтуынша, репертуарында 30-дан астам қазақша ән бар екен. Бұл жолғы сайыста Екатерина Гүлмира Саринаның «Шығыстың шырайлы елі» деген әнін орындады.

Бір атап өтерлігі, осымен 5-ші рет өткен фестиваль биыл аудан орталығы Ақсуатта емес, Ақжар ауылында болды. Ұйымдастырушылар ондағы мақсат шетелдік қонақтарға еліміздің жетістіктерін паш ету болса, екіншіден, шалғай ауылдағы халықтың рухын көтеру екенін айтады.

Сөйтіп, өнер сайысының нәтижесі бойынша бас жүлдеге тарбағатайлық Дархан Жолдыбаев ие болды. Ал өзге өнерпаздар әртүрлі аталымдар бойынша дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button