Аймақтар аухалы

Тарбағатайлық кәсіпкерлер үй салып жатыр

Ақсуат пен Ақжар ауылдарынан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында баспана салу жұмысы жанданды.

Құрылыс тұрғызылған соң үйлер бюджет есебінен сатып алынбақ. Аудан әкімдігі бұған дейін кәсіпкер Қайрат Қожахметов Ақжардан 100 шаршы метрлік баспаналар салып жатқанын жазған. Енді, міне, тағы да бірқатар тарбағатайлық кәсіпкерлер осы істі жалғастырмақ. Атап айтсақ, Дулат Тастекеев, Әсет Мүфтиев, Дархан Шотабаевтар жиыны 30 үй салуға ниеттеніп отыр.
– Баспаналар салынатын Ақсуаттағы “Ет комбинаты” аталатын ықшам ауданындағы жер учаскелері өлшеніп, қазықтары қағылды. Жалпы аумағы 100 шаршы метр болатын үйлердің қабырғасы газоблоктан қаланады. Жарық бағандары, кәріз жүйесі және ауызсу іргесіне келіп тұр. Әзірге 10 үйге келісімшарт жасалады. Яғни, кәсіпкер салған үйлер бюджет есебінен сатып алынады. Баспаналар кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға беріледі. Жоспар бойынша Ақсуаттан – 50, Ақжардан – 50 баспана салуды межелеп отырмыз, – деп жазды аудан әкімі Серіккқазы Садуақасов өзінің фейсбук парақшасында.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button