Қоғам

Тағы үш нысанмен толығады

Қазіргі уақытта Ұлан ауданында үш стадион, төрт спорт кешені, 12 хоккей қорабы, 129 спорт алаңы мен 37 спорт залы бар. Бұл туралы аудан басшылығы хабарлады.

– Біздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 10 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Оның ішіндегі жетеуі – бокс, еркін күрес, дзюдо, волейбол, футбол, шайбалы хоккей және керлинг сияқты олимпиадалық бағдарламаға енетін спорт түрлері. Ондағы жаттығушылар саны 2 714 адамды құрайды. Сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрі саналатын армрестлингпен шұғылданатындар да аз емес. Бұл спорт түрінен шәкірт дайындайтын 50 маманымыз бар. Бұған қоса, ұлттық спорт түрлеріне ден қойған жерлестеріміз де жетерлік. Ұландықтар арасында әсіресе, тоғызқұмалақ пен қазақ күресі танымал, – дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Белгілі болғандай, қазір Ұлан ауданында спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 2 846-ға жеткен. Осы ретте өңірдің жалпы білім беру мекемелерінде 143 спорттық секция құрылып, қызмет көрсетіп жатқанын да айтқан жөн.

– Ағымдағы жылы ауданымыздың Бозанбай, Таврия және Айыртау ауылдарында жаңа спорт кешендерінің құрылысы  басталған болатын. Бұйырса, жыл соңына дейін аталған нысандардағы жұмыстар аяқталып, спорт кешендері қолданысқа берілуі тиіс, – деп хабарлады аудан басшысы.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button