Аймақтар аухалы

Тағы да жол үсті өткелдері салынуы мүмкін

Өскеменде тағы екі жол үсті өткелі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы шаһар басшысы Жақсылық Омар айтты.

Оның сөзінше, аталған өткелдің екеуі де Ушанов алаңының маңында орналаспақ. Еске салайық, қазір бұл жерде күрелі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша алаңдағы айналма автокөлік жолының аумағы едәуір кеңейтіліп, бес жолаққа дейін жетеді. Дегенмен, мұның өзі де автокөлік кептелісі проблемасын түбегейлі шеше қоймасы анық. Сол себепті қала басшылығы алаң маңынан екі бірдей жол үсті өткелін тұрғызуды жоспарлап отыр.

– Оның бірі «Снежинка» дүкені тұсынан салынса, екіншісі Серікбаев көшесіндегі аурухана кешені іргесінен бой көтермек. Бұл жерлерді бекер таңдаған жоқпыз, өйткені дәл осы екі тұста халық ерекше көп қатынайды. Әзірге жол үсті өткелдері туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Алайда бұл өткелдер Спорт сарайының маңындағыдай үлкен емес, шағын, салмағы әлдеқайда жеңіл болатыны түсінікті, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button