Жаңалықтар
Сұлулық салонында алаяқтық жасаған
Алаяқтықпен айналысқан косметологқа сот үкімі шықты
Сұлулық және денсаулық орталығының қызметкері клиенттерге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-М есімді қызметкер косметолог болып жұмыс істей отырып, клиенттерге косметологиялық қызметтердің жылдық абонементін банк арқылы бөліп төлеуді ұсынған. Оған сенген келушілерді банк қосымшасына тіркеп, несиеге онлайн режимде өтінім беріп, алынған қаржыны өз шотына аударып отырған, -деп хабарлады Өскемен қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.
Алаяқ косметолог он екі жәбірленушіге 13 млн теңгеден артық шығын келтірген. Сот отырысы барысында 27 жастағы әйелді үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ынтымақ Толқын