Оқиғалар

Судан құтқару жұмыстары пысықталды

Судан құтқару жұмыстары пысықталдыОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жазғы демалысқа алдын ала дайындық үстінде.

Орталық мамандары жақында суда құтқару қызметімен бірлесіп, «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Онлайн режиміндегі сабаққа облыстың 45 оқу орнынан 1300 оқушы қатысып, судағы қауіпсіздік жайындағы деректерге қанықты.

– Судағы қауіпсіздік – өзекті тақырып. Міне, оқушылардың жазғы демалысы да басталды. Сондықтан, біздер олардың санасына судағы қауіпсіздік ережелері мен шаралары туралы толық жеткізуге тырысып, бірқатар қайғылы оқиғаларды мысалға келтірдік. Солайша болған оқиғалар жайында әңгімеледік, – дейді департаменттегі оқу орталығының бас маманы Наталья Глушакова.

Оның келтірген деректеріне қарағанда, биылғы жылдың басынан бері облыс көлемінде бес адам суға кетсе, оның біреуі бала екен. Аталған қызмет мамандары үстіміздегі жылдың өзінде ғана 26 адамды судан құтқарған көрінеді.

Департаменттің судан құтқару қызметінің өкілдері балалардың су қоймаларында қаза болуына көп жағдайда тексерілмеген және суға түсуге арналып жабдықталмаған жерлер себеп болатындығын айтады.

– Сондай-ақ, медициналық пункттің болмауы, жүзіп баруға болатын жердің шекарасы белгіленбеуі, қауіпсіздік белгілері, судағы қауіпсіздік шаралары ережелерін еске салып тұратын көрнекі материалдардың болмауы, медициналық мекемелермен және құқық қорғау органдарымен байланыс орнатыл-
мауы, әзірлігі бар, сын сағатта көмекке келіп, адам өмірін құтқарып қалатын құтқарушылар-мен кешенді құтқару постының болмауы көп жағдайда келеңсіздікке ұрындырып жатады, – деген ақпаратпен де бөлісті суда құтқару қызметінің өкілдері.

Оқушылардың басты назарын ата-аналардың қарауынсыз суға түспеуге аударған мамандар судағы тәртіпсіздік пен тентектік, түрлі ескертулерді тыңдамау қайғылы оқиғаларға әкеліп соғатынын да атап өтті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button