Оқиғалар

Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп су тасқынының алдын алу іс-шараларын белсенділікпен жүргізіп жатыр.

Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталдыБасқарма мамандары қазіргі кезде көктемгі су тасқыны жүруі ықтимал қауіпті жерлерді анықтап, тұрғын үйлерді аралап, жылғалар мен өзендерге жақын маңда тұратын тұрғындармен жиын ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратуда.

Төтенше жағдайлар басқармасының басшылары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Сұлтан Ахметов бүгінгі таңда төтенше жағдайлар қызметі жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды тиянақты жүргізіп жатқаны туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Біздің мамандар өзендер мен жылғалардың, Үлбі және Ертіс өзендерінің арналарындағы су деңгейіне тәулік бойы бақылау жүргізіп отыр. Тасқын судың қаупіне ұшырайтын орындарға күнделікті тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта жағдай қалыпты, – дейді Сұлтан Ахметов.

Ауа райының күрт өзгеруінен су деңгейі бірден көтеріліп кеткен жағдайда Үлбі өзенінің тармақтарындағы, Моховка, Жуков, Бражинский жылғаларындағы көшелерде тұрғын үйлерді су басуы мүмкін. Ағын екпіні жағалауды жарып шықпас үшін осалдау тұстарды бекітетін құм салынған қапшықтар дайындалуда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button