Оқиғалар

Су шайған жол қалпына келтірілді

Өскемен – Зырян бағытындағы жолдың 73 шақырымында еріген қар суының салдарынан болған апаттық жағдайды «Қазақавтожол» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары қалпына келтірді.

Су шайған жол қалпына келтірілді– Бұл арадағы жолдың астынан су ағатын құбыр бар, ал оның үстінде ағаштан жасалған құрылыс орналасқан. Көпір деп айтуға келмес, бірақ атқаратын қызметі біреу. Құрылыс ескі, 1965 жылы салынған. Судың күшіне шыдамады, – дейді мемлекеттік кәсіпорын өкілдері.

Естеріңізге салсақ, күннің күрт жылынуынан еріген қар суы аталған трасс бөлігінің топырағын шая бастаған. Соның кесірінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған-ды. Дереу іске кіріскен «Қазақавтожол» мамандары апаттың салдарын жойып, жол үстінде жиналып қалған жүзге тарта мәшиненің қайтадан жүруіне мүмкіндік туғызды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button