Аймақтар аухалы

Су басу қаупі бар

Алтай ауданындағы 12 елді мекеннің тұрғындары көктемгі су тасқынынан зардап шегуімүмкін.

Өкінішке қарай, Алтай қаласы мен Путинцево, Быково, Парыгино, Малеевск, Соловьево, Чапаево, Снегирево, Баяновск, Первороссийское ауылдарын, сондай-ақ Зубовка мен Тұрғысын кенттерін су басу қаупі бар.

– Аудандағы табиғи апаттың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Күні бүгінге дейін жауапты сала мамандары кәріз құдықтарын, өзен мен арықтардың арналарын тазартты. Біз су тасқыны болған жағдайда тұрғындар мен жануарларды қауіпсіз аймаққа эвакуациялаудың сызбасын жасап қойдық, – деді аудан әкімі аппаратының аумақтық қорғанысты қалыптастыру басқармасының арнайы тобының жетекшісі Амангелді Тымбаев.

Ағымдағы жылы аудандағы Богатырев су бөгеті мен Хамир өзенінің маңайын бекіту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, биыл жауапты сала мамандары мұз жару жұмыстарына 45 миллион теңге бөлуді сұрап, өтінім бермек. Мұндағы басты мақсат – көктемгі су тасқынының алдын алу. 

Биыл Соловьево ауылындағы Березовка өзенінің арнасы мен  Зубовка кентін, Алтай қаласындағы саяжай аумағы мен Быково ауылындағы тұрғын үйлерді су шайып кетуден сақтап қалу үшін тиісті жұмыстар атқарылады, – деді Амангелді Тымбаев.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button