Қоғам

Су – бұл өмір!

Пандемия кезінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Enactus командасы Шығыс Қазақстан облыстық “Салауат” жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Asia Waters компаниясының демеушілігімен еріктілер тобын құрды.

Жас еріктілер Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мен науқастарына TURAN табиғи минералды суының жеті жарым мың литрін түсірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: “Волонтерлік – бұл тек тегін жұмыс емес, азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын болудың көрсеткіші”.

Әлемді жақсы жаққа бірге өзгертейік! #BIZBIRGEMIZ

Осы айдарда

Back to top button