Жаңалықтар

Студенттер Қарулы Күштер ардагерімен кездесті

 Өскемен қаласының колледж студенттері «Естелік» патриоттық марафоны аясында Қарулы Күштер Ардагерлері кеңесінің төрағасы Виктор Хромцовпен кездесті.

Кездесудің мақсаты – әскер жасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, жастардың азаматтығын, патриотизмін дамыту, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қарулы Күштердің ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыруы жастарды еліміздің лайықты қорғаушылары ретінде тәрбиелеудің бір жолы. Мұндай кездесулер жастардың рухани, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

– Бүгінгі кездесуде жастарды ҚР Қарулы Күштерімен таныстырып, ҰОС және Ауған соғысы жайындағы ақпараттармен бөлісу арқылы  жастардың бойындағы жауапкершілік сезімін оятып, белсенді азаматтық ұстанымдар қалыптастыруға көмектесе алдық деп ойлаймын, – деді Қарулы Күштер Ардагерлері кеңесінің төрағасы Виктор Хромцов.

Айта кету керек, барлығы 200 студент қатысқан кездесу «Естелік» патриоттық марафоны аясында өтті. Кездесу барысында Абдуллиндер училищесінің үрмелі оркестрі өнер көрсетіп, патриоттық тақырыптағы бейнефильмдер көрсетілді.

 Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button