Білім

Ұстаздарға талап күшейді

Ұстаздарға талап күшейді


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Білім саласында қызмет еткеннің бәрі Қазақстанның келешегіне қызмет етеді» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Бұл ұлағатты сөз ең алдымен мұғалім қауымына үлкен жүк артып отыр.

Осы орайда облысымызда үштұғырлы тілді енгізу міндетін жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынды. Үш тілді дамытудың 2016-2019 оқу жылдарына арналған кешенді жоспар негізінде ауданның білікті педагогтарынан арнайы жұмыс тобы құрылып, аудан мектептерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен озық білім беріп жүрген жаңашыл мұғалімдерінен жасақталған білім беру мекемелерінің қызметін зерделеу, мобильді топ жұмысының нәтижесімен таныстыру мақсатында семинарлар, десант сабақтар өткізілуде. Семинарлар барысында жұмыс тобы мүшелерімен үштілділікті енгізуге байланысты әдістемелік көмек және ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Кембридж оқулықтары» бағдарламасына байланысты ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері жайлы ағылшын тілі мұғалімдеріне түсіндірілді. Сонымен қатар Ағылшын тілі пәнін оқытуға қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер таныстырылды. Кешенді жоспар шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше басымдық берілген. Үш тілді білім беру үшін мұғалімге қойылар талаптың күшейетіні баршамызға белгілі. Бүгінгі күні аудан мұғалімдері тілдік пәндерден оқыту әдістемесі бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Кешенді жоспардың іске асырылуына бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру контекстінде оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында ағылшын, орыс тілдерін қазақ сыныптарында, қазақ тілін орыс сыныптарында поқыту бойынша аймақтық десант сабақтар өткізілді. Аталған шараға мектептерден 107 тіл мұғалімі, оның ішінде 33 мұғалім бейтаныс аудиторияда сабақ өткізді. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп әкімшілігі тарапынан 33 десант сабаққа жоспарлы түрде бағдарлама құрылып, десант педагогтардың сабақ өткізуіне оқу кабинеттерінің интерактивті құрылғылармен жабдықталуына мүмкіндік жасалды. Десант сабақтар қорытындысында әр мектептен десант сабақ көрсететін пән мұғалімдерінің сабақтары мен оқушылардың жауаптарына «Фишбоун», «DEAL», «SWOT-талдау» стратегиялары арқылы сараптама жасалып, өзін-өзі талдау жүргізілді.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button