Руханият

Сәрсен Аманжолов туралы монография жарық көрді

Сәрсен Аманжолов туралы монография жарық көрді

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Берел» баспасынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, профессор Фарзана Ахметжанованың «Сәрсен Аманжолов және терминшығармашылықтың кейбір мәселелері» атты іргелі еңбегі жарық көрді.

Белгілі түркітанушы, кирилл жазуына негізделген қазіргі қазақ әліпбиінің авторы Сәрсен Аманжоловтың 110 жылдығына орай шығарылған бұл монография екі бөлімнен және жеті қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде ғалымның кітаптары мен қазақ мектептеріне арнап жазған оқулықтары, ғылыми және ұстаздық қызметі жөнінде жылдар бойы жинақталған жүйелі әрі құнды материал ұсынылады. Ал, екінші бөлімі бүгінгі таңда түрлі пікір туғызып жүрген терминтану мәселесіне арналыпты. Мұнда автор Сәрсен Аманжоловтың термин жасауға қатысты негізгі ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.
Бұдан басқа кітапта «С. Аманжоловтың жарық көрген еңбектері», «Алтай Аманжоловтың әкесі туралы жазған еңбектері», «С. Аманжоловтың ғылыми мұрасын зерттеу нәтижесінде жарық көрген еңбектер», «Ресми ақпараттар және мақалалар», «Фотоқұжаттар мен фотосуреттер» атты мол мәліметті қамтыған қосымшалар берілген.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button