Спорт

Спортшыларға сәттілік тіледі

Ұлттық құрама сапындағы облыс спортшылары 4-22 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға аттанды. Бұл әлемдік додаға барлығы 95 ел қатысады. Жарыс бағдарламасында спорттың 7 түрінен 109 медаль ойнатылады.

Біздің спортшылар фристайл, трамплиннен шаңғымен секіру, биатлон және тау шаңғысы сияқты спорт түрлері бойынша өнер көрсететін болады.

Барлық тоғыз шығысқазақстандық спортшы лицензия жеңіп алды. Олардың есімдері бәрімізге таныс – Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Олеся Граур, Сергей Ткаченко, Галина Вишневская-Шепоренко және Захар Кучин.

– Саңлақтарымыздың әрқайсысы ірі халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып келеді. Бірақ Олимпиада – кез келген спортшының өміріндегі басты оқиға. Мен біздің құрамаға сәттілік, төзімділік тілеймін және барлық шығысқазақстандықтар біздің құрамаға жанкүйер болатынына сенімдімін! – деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button