ҚАЖД

Сотты болған 15 өскемендіктің жазасы өзгертілді

Биыл жыл басынан бері Өскеменде жақсы мінез-құлық танытқан 13 сотталғанның жазасы мерзімінен бұрын өзгертіліп, есептен алынды.

– Солжағалау аудандық пробация қызметінің негізгі мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттердің орындалуын бақылау арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауын бақылау болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Алуа Камитова.

Оның айтуынша, пробация қызметкерлері бұған дейін сотталғандармен идеологиялық жұмыстар жүргізіп келсе, бүгінде олардың жұмысы ізілікті көзқарасқа көбірек негізделіп, сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асырылып жатқан көрінеді. Есепте тұрғандармен тиісінше жұмыс жұмыс жүргізілсе, олар өздерін қоғамға қажетті екендіктерін түсініп, түзелуге тырысады.

– 2021 жылдың 1 қаңтарынан  бастап Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінде тұрған 13 сотталған азамат бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермей, өздерінің түзу жолға түскендерінен дәлелдеді.  Сол себепті қылмыстың ауырлық сатысына байланысты Өскемен қаласының №2-ші сотының қаулысына сәйкес, олар шартты сынақ мерзімінен бұрын босатылып,  пробация қызметі есебінен алынды, – деп қосты Алуа Камитова.

Азамат Темірбеков

Back to top button